Табу
Kazakhstan Financial Market




Президеттің халыққа жолдауы

«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (ӘКК) - өз қызметін өндіріс пен тауарлар мен қызметтерді сатудан пайда табу мақсатында жүргізетін тұрақты бизнес-құрылым»

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның дүниежүзінің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауынан

«КАСПИЙ» ӘКК» ҰК» АҚ ҚҰРЫЛУ МАҚСАТЫ
  • мемлекеттік және жеке секторды біріктіру жолымен Маңғыстау облысының экономикалық дамуына қолдау көрсету;
  • инвестициялар мен инновациялар тартуға арналған тиімді экономикалық орта қалыптастыру;
  • аймақтардың әлеуметтік дамуына, сонымен бірге пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды жасауға және жүзеге асыруға қатысу.
«КАСПИЙ» ӘКК» ҰК» АҚ-ның МИССИЯСЫ:

Аймақтарды экономиканы диверсификациялау арқылы дамытуды қамтамасыз ету, корпоративтік басқарудың тиімді жүйесін құру, әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу үшін мемлекеттік активтер мен кәсіпкерлік бастамаларды біріктіру.

«КАСПИЙ» ӘКК» ҰК» АҚ-ның НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:
  • мемлекеттік активтерді басқарудың тиімді жүйесін құру;
  • аймақтардағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің принциптерін енгізу;
  • мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған өндіріс құру;
  • инвестиция тарту және инновацияларды енгізу үшін оңтайлы орта қалыптастыру;
  • кіші және орта бизнесті дамыту үшін институционалды жағдайлар жасау;
  • табысты аймақтық әлеуметтік проблемаларды шешуге бағыттау.
    • ЖаңалықтарМұрағаттар 

      Маңғыстау облысындағы асыл тұқымды мал шаруашылығының дамуы

      Шығыс-1 және Шығыс-2 шағын аудандарында ЖҮҚ маңында инженерлік желі құрылысы

      «Каспий» ӘКК сенбілік