Мақсаты мен міндеттері

Құрылу тарихы.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құру идеясын алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылғы 1 наурызда «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткен болатын. Президент Н.Ә.Назарбаевтің ел халқына Жолдауына, сондай-ақ Аумақтық даму стратегиясына сәйкес, 2007 жылы Қазақстанда жеті әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құрылды, бұл.

ҚР Үкіметінің «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» 06.04.2011 ж. №376 Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасында 15 әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызмет етуде:
 
 
  • «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ (Маңғыстау облысы, Ақтау қ.)
  • «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ (Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ.)
  • «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ (Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ.)
  • «Алматы» ӘКК» ҰК» АҚ (Алматы қ.)
  • «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ (Алматы облысы, Талдықорған қ.)
  • «Атырау» ӘКК» ҰК» АҚ (Атырау облысы, Атырау қ.)
  •  «Қызылорда» ӘКК» АҚ (Қызылорда облысы, Қызылорда қ.)
  • «Астана» ӘКК» АҚ (Астана қ.)
  • «Ақтөбе» ӘКК» АҚ (Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ.)
  • «Сарыарқа» ӘКК» АҚ (Қарағанды облысы, Қарағанды қ.)
  • «Тобол» ӘКК» АҚ (Қостанай облысы, Қостанай қ.)
  • «Солтүстік» ӘКК» АҚ (Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ. )
  • «Орал» ӘКК» АҚ (Батыс Қазақстан облысы, Орал қ.)
  • «Есіл» ӘКК» АҚ (Ақмола облысы, Көкшетау қ.)
  • «Тараз» ӘКК» АҚ (Жамбыл облысы, Тараз қ.)

«Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі - «Каспий» ӘКК ҰК» АҚ) Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі № 407 «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясын құру және қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» жарлығымен құрылды.

«КАСПИЙ» ӘКК» ҰК» АҚ ҚҰРЫЛУ МАҚСАТЫ

  • мемлекеттік және жеке секторды біріктіру жолымен Маңғыстау облысының экономикалық дамуына қолдау көрсету;
  • инвестициялар мен инновациялар тартуға арналған тиімді экономикалық орта қалыптастыру;
  • аймақтардың әлеуметтік дамуына, сонымен бірге пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды жасауға және жүзеге асыруға қатысу.

 

«КАСПИЙ» ӘКК» ҰК» АҚ-ның МИССИЯСЫ:

  • Аймақтарды экономиканы диверсификациялау арқылы дамытуды қамтамасыз ету, корпоративтік басқарудың тиімді жүйесін құру, әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу үшін мемлекеттік активтер мен кәсіпкерлік бастамаларды біріктіру.

Біздің негізгі міндеттеріміз:

  • мемлекеттік активтерді басқарудың тиімді жүйесін құру;
  • аймақтардағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің принциптерін енгізу;
  • мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған өндіріс құру;
  • инвестиция тарту және инновацияларды енгізу үшін оңтайлы орта қалыптастыру;
  • кіші және орта бизнесті дамыту үшін институционалды жағдайлар жасау;
  • табысты аймақтық әлеуметтік проблемаларды шешуге бағыттау.
  • аймақтың экономикалық имиджін ішкі және сыртқы рыноктарда алға жылжыту;
  • кластерлік өндірісті дамыту және жаңа технологияларды ендіру жолымен шағын және орта кәсіпкерліктің өнімділігін арттыру;
  • мемлекеттік кәсіпорындарды оңалту, қайта құрылымдау, олардың негізінде бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер мен технологияларды дамыту;
  • бизнес-жобалар базасын қалыптастыру, оларды қаржыландыру және іске асыру үшін жағдай жасау.

Жоғарыда көрсетілген міндеттерді «Каспий» ӘКК ҰК» АҚ өзінің және бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ «Каспий» ӘКК ҰК» АҚ-ға өткен ұйымдардың қызметіне қатысу жолымен шешеді.