Әлеуетті серіктестерге

Құрметті Ханымдар мен мырзалар!
 
«Каспий» ӘКК ҰК» АҚ-да (бұдан әрі – Қоғам) қолданылатын, инвестициялық жобаларды сараптау тәртібін және Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің арасындағы өзара іс-қимыл механизмін регламенттейтін Инвестициялық жобаларды қарау ережелерімен танысып шығуды ұсынамыз.
 
 
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚАРАУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
 
Жалпы ережелер
 
1. Осы ереже «Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) қатысуымен инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыру үшін әріптесті таңдаудың негізгі қағидаларын, процестерін және тәртібін айқындайды.
 
2. Инвестициялық жобаларды іске асыруға Қоғамның қатысуы үдерісінде пайда болатын құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қоғамның Жарғысымен, Қоғамның Басқармасының және Директорлар кеңесінің шешімдерімен, Қоғамның Басқармасы Төрғасының бұйрықтарымен, сондай-ақ осы Ережемен реттеледі.
 
3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
 
  • жоба – инвестициялық жоба;
  • жобаның паспорты – әлеуетті әріптес тарапынан бекітілген нысан бойынша жасалатын коммерциялық ұсыныстың нысаны
  • әлеуетті әріптес – инвестициялық жобаларды іске асыруда Қоғаммен ынтымақтастық құруға ниеті бар қазақстандық немесе шетелдік заңды немесе жеке тұлғаәріптес – осы Ережеде көзделген біліктілік талаптары бойынша таңдалған қазақстандық немесе шетелдік заңды немесе жеке тұлға.
 
 Жобаларды қараудың негізгі қағидалары
 
 Жобаларды қараудың негізгі қағидалары мыналар болып табылады:
 
  • әріптестер таңдау және жобаларды іске асыру үдерісінің жариялылығы, барлық әлеуетті әріптестерге таңдау үдерісіне қатысу үшін бірдей мүмкіндіктер беру
  • Қоғамның және әріптестің мүдделері мен тәуекелдерінің теңгерімді болуын қамтамасыз ету.
Өтінімдерді ресімдеуге және ұсынуға қойылатын талаптар
 
Қоғамды инвестициялық жобаларды қараудың ішкі Ережесі шеңберінде Өтінім беруші мынадай құжаттар пакетін ұсынады: 
 
5.1. Өтінім беруші жобаға бастамашы болғанда:
 
  • Бірлескен инветсициялық жобаны қарау туралы өтінім берушінің өтінімі
  • Жобаның паспорты
  • Жобаның негіздемесі (Бизнес-жоспар).
5.2. Қоғам жобаға бастамашы болғанда:
 
  • Конкурсқа қатысуға өтінім
  • Қоғамда конкурстар өткізудің ішкі рәсімдеріне сәйкес құжаттар пакеті.
 
Жобаларды қарау үдерісі
 
 Жобаларды қарау үдерісіне мыналар кіреді: 
 
  • Қоғам бірлесіп іске асыруға ұсынып отырған жобалар туралы әлеуетті әріптестерді хабардар ету
  • Әлеуетті әріптестерден келіп түскен өтінімдерді талдау
  • Қоғамның жобаға қатысуы туралы Инвестициялық комитеттің шешімі
  • Әріптеспен бірлескен қызмет туралы келісімге қол қою
  • Қоғамның жобаға қатысуы туралы Директорлар Кеңесінің шешімі
  • Бірлескен кәсіпорынды құру
  • Жобаны орындау.