География

Географиялық орналасуы және климаты
Маңғыстау облысы Қазақстаның оңтүстік – батысында орналасқан. Жер көлемі 165,6 мың шаршы шақырым. Облыстың солтүстік бөлігінде Желтау, (221 м), Мыңсуалмас (148 м) таулары және құмды массивтері ( Қарақұм, Сам және басқалары), сортаң жерлері (Өліқолтық, Қайдақ, Қара дүлей және басқалары) және Бозащы түбегі бар Каспий маңы жазығы орналасқан. Орталық бөлігінде Маңғыстау түбегі жән ТМД-дағы ең үлкен ойпат –Қарақия (132м.) орналасқан. Оңтүстік-батысында Кендірлі-Қаясан жазығы, оңтүстігінде – Қарынжарық ойпаты, шығысында – Үстірт жазығы орналасқан.
Маңғыстау облысының аумағы биолклиматтық жағдайларының сипаты бойынша сұр-бозғылт топырақты шөлейтке жатады. Барлық аумақта кең таралған сорлар, сортаңдар кездеседі. Кең ауқымды аумақты құм алып жатыр.
Облыс орталығы – 1963 жылы негізі қаланған Каспий теңізіндегі порт болып табылатын Ақтау қаласы. Аумағы – 165 мың шаршы шақырым (Қазақстан аумағы ның жалпы ауданының 6,1 % алып жатыр).
Климаты – шұғыл континенталды, аса құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы – минус -9 0 С, маусымның орташа температурасы – плюс 25-29 0С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100 -150 мм.
Аумақтың көп бөлігін сұр топырақтағы бұтақты өсімдіктері бар жусанды-сортаңды шөл алып жатыр; беті сорлы, тақырлы сор, өсімдігі сирек құмды жерлер болып келеді.
80 астам ұлттан тұратын Маңғыстау халқының саны 10.01.2006 ж. жағдай бойынша 373,4 мың адамды құрайды немесе Қазақстан халқының 2,4 % құрайды. Облыстың экономикасының тұрақты түрде оң дамуы халық санының жыл сайынғы табиғи өсуіне жағдай жасайды, Маңғыстауда реэмиграция үрдісі белсенді жүруде. Облыстағы қала халқының саны 283,2 мың адамды, яғни барлық халықтың 75,9 % құрайды. Халықтың орналасу тығыздығы 1 шаршы шақырымға 2,2 адамды құрап, республика бойынша 1 шаршы метрге 6 адамнан келетін халықтың оналасуының орташа тығыздығына қарсы көрсеткіш беріп отыр.
Облыс халқының этникалық құрамы әр түрлі және көп ұлтты. Мұнда шамамен 90 ұлт және ұлыстар мекендейді. Олардың ішінде украиндар, татарлар, немістер және басқалары бар. Облыстың жергілікті халқы – қазақтар – 74 %, орыстар – 17 % құрайды. Облыстың демографиялық жағдайына табиғи және көші-қон факторлары әсер етеді. Халықтың табиғи өсімі соңғы жылдары туудың азаюына байланысты болып отырған төмендеумен сиаптталады.
Көші-қон ағымы негізінен Түрікменстан, Өзбекстан сияқты жақын шетелдерден келеді. Көші-қонның негізгі себебі ұлттық-мемлекттік қалыптасу бойынша орналасуы болып отыр. Көбіне ТМД елдерінен қазақтар көшіп келуде. Облысқа көшіп келгендердің 84,8 % - қазақтар, 9,1 % - оыстар, 1,2 % - әзірбайжандар.
Қазақстан Республикасында шетелде тұратын оралман-қазақтарды тарихи отандарына қайтару саясатының жүргізілуіне байланысты Иран Ислам Республикасынан оралмандар көшіп келуде. Соңғы жылдары облысқа 700 оралман отбасы көшіп келіп, олар тұрғын үй, жәрдемақы, тегін оқу мүмкіндігіне ие болды.