Өнеркәсібі

       Маңғыстау облысының өнеркәсібі мұнай-газ өндіруші саланың дамуы, сондай-ақ қызмет етіп тұрған және жаңа құрылыс кәсіпорындарының кеңеюі есебінен оң даму қарқынымен сипатталады. Маңғыстау облысындағы жалпы өндіріс көлемі 2007 жылы 1107,3 млрд. теңгені құрады.
       Мұнай секторындағы эконмикалық өсуге кедергі болып тұрған өзіндік шикізат қорының болмауы, сондай-ақ ірі өткізу рыноктарына қатынау мүмкіндігінің болмауы болып табылады.
       Қазіргі таңда облыс аумағында 200 өнеркәсіптік кәсіпорын қызмет етеді, олардың үштен екісі Ақтау қаласында орналасқан. Одан соң Жаңаөзен қаласы мен Бейнеу ауданы жалпы өнеркәсіптік кәсіпорындардың 23 % солардың үлесінде. Қалған 25 өнеркәсітік кәсіпорындар (жалпы санының 12%) қалған үш ауданда – Қарақия, Маңғыстау, Түпқараған аудандарында шоғырланған.
       Өнеркәсіптік өнімнің негізгі мөлшері екі қалада- Ақтау және Жаңаөзен қалаларында, барлық өндіріс солардың үлесінде.
       Өңір эконмикасының шикізатық бағыты даму жағдайына экономиканың басқа да секторлары тіклей байланысты болатын тау-кен өндірісі өнеркәсібінің (жалпы санының 9 %) басымдығын айқындап берді.

       Қазіргі кезде мұнай-газ өндіру секторы республика экономиакысның облыстағы мамандандырылған басым бағыттарының бірі болып табылады. Облыста жалпы республикалық көлемнің 30% шикі мұнай және газ конденсаты өндіріледі. Жыл сайынғы мұнай өндіру көлемінің өсу қарқыны сақталуда. Маңғыстау облысы көмірсутегін экспортқа шығарушылардың бірі. Еесптік кезеңде облыста 18,2 млн. тонна мұнай өндіріліді. Немесе бұл 2006 жылға 102,7% көп.
Табиғи газ өндіру 2,6 млрд. м 3 өсіп, 2006 жылмен салыстырғанда 4,4% асып түсті.
       Электр энергиясын, газды және суды өндіруде және таратуда өнім көлемі 24,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылғыдан 105,7% көп.
       Өңдеу өнеркәсібі азық-түлік өнімдерін өндірумен, тоқыма және тігін өнеркәсібімен, резина және пластмасса бұйымдарын өндірумен, машина жасаумен, химиялық өнеркәсіппен, басқа да металл емес минералды өндірумен және өнеркәсіптің басқа да салаларымен сипатталады. Өңдеу өнеркәсібінде өндірістік өнім көлемі 47,9 млрд. теңгені құрап, 2006 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 176,7% көп болды. Өңдеу өнеркәсібінің даму перспективасында Маңғыстау облысының көліктік-логистикалық инфрақұрылымын дамытумен және өнеркәсіп салаларын өндірістік логистика тетіктерін қолданып дамытумен, сондай-ақ қолайды инвестициялық климаты бар арнайы аумақтыр құрумен байланысты болуы тиіс.

       Оң көрсеткіштердің болуына Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы мүмкіндік берді. Ол өңдеу өнеркәсібінің ғана емес эконмиканың басқа да секторларын дамытуға түрткі болды. Облыс бойынша жалпы сомасы 1,5 млрд. АҚШ доллары болатын 24 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

 
       Барлығы іске асырылған және іске асырылып отырған жобалар есебімен 2008 жылдың 1 қаңтарындағы қалпы бойынша 3327 жұмыс орнын ашып, 440,9 млн. АҚШ доллары игерілді.
       Жер қойнауын пайдаланушы компаниялар облыстың әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына 49 млн. АҚШ долларын салды. Бұл 2006 жылмен салыстырғанда 40% көп.