Пайдалы қазбаларды өндіру

        Маңғыстау жері түрлі пайдалы қазбаларға бай. Минералды шикізат қоры олардың көптігі, шөгу қуаттылығы, оларды өңдеудің ыңғайлылығы жағынан бірегей және әлемдік геологияда теңдесі жоқ болып табылады.
        Пайдалы қазбалардың негізгі түрлері мұнай мен газ.
        Мұнай мен газдың айтарлықтай қоры Өзен кенорнында, алынатын қоры 500 млн. тонна, Жетібай кенорны – мұнай-газ конденсаты қоры 150 млн. тонна барланып, табылды.
        70 жылдардың ортасында Бозащы түбегінде алынатын жалпыұлттық қоры 350 млн. тонна Қаражанбас, Солтүстік Бозащы , Қаламқас ірі мұнай-газ кенорындары ашылды.
        Қазіргі таңда Маңғыстау облысы аумағында мұнай мен газдың 59 кенорны белгілі. Облыс бойынша мұнай қоры 3156,2 млн. тоннаны, алынатын шикізат – 1440,3 млн. тонна, жиналған олжа -382,7 млн. тоннаны құрайды.
        Маңғыстау облысы бойынша мұнай мен газды іздестіру –зерттеу мәліметтері жаңа ірі көмірсутегі кенорындарының болашақта ашылу мүмкіндігі ар екендігін көрсетіп отыр.
        Тереңдігі 60 метрге дейін жерлердегі мұнай мен газдың болжамдық қоры 500 млн. тоннаны құрайтын Солтүстік Каспий қайраңындағы ірі кенорын қорларының табылуы осының дәлелі болып отыр.
        Өңірдің шамамен алғанда аз ғана аумағында фосфориттер, минералды және ас тұздары, темір рудалары кенорындары барланды.
        50 жылдардың басында Маңғыстаудың жер қойнауында уран мен жердегі сирек элементтер шөгінділері табылды.
        Аумақтың барлық жер бетінде дайын құрылыс материалы -әктасты-ұлутас таралған.
        Жетібай поселкесінің солтүстік-шығысына қарай 40 км.бекітілген қоры шамамен 60 млн. тонна «Бекі» кир кенорны орналсқан. Бұл пайдалы қазбаны табиғи-құрылыс жұмыстарына кең қолдануға болады. Кирлердегі битуминозды заттардың болуы өте кең шекте – 80 пайызға дейін жетеді.
        Облыс аумағында қоңыр көмірдің бес түрі бар.
        1940 жылы Түпқараған ауданында орналасқан Қызылқаспақ-Айыржал кенорны барланып балансы бекітілген болатын. Сол кездегі бекітілген қор 34,7 млн. тоннаны құраса, 0,5 млн. тоннасы өңделді, қалғаны балансқа қалдырылған. Қоңыр көмірдің басқа түрлері Шетпе ауданында орналасқан. Қоңыр көмір УЩР – қоңыр ерітінділері үшін химреагент дайындау үшін келешекті шикізат болып табылады.
        Болжалды есеп бойынша барлық кенорындардағы көмір қорлары 253 млн. тоннаны құрайды. Көмірлердің өзіндік ерекшелігі 20 дейінгі германия көтеріңкі шоғыры, ал кейбір сынамаларда 50 және 100 ж/т, сондай-ақ басқа да себінді элементер шоғыры болып табылады. Бұл осы көмірлерді осы элементтердің өнеркәсітік шөгінділерін іздестіруге қатысты келешекті болып табылады. Қоңыр көмірді мұнай және газ өндірісінде пайдаланудан басқа осы шикізатты мұнай саласының қажеттіліктері үшін өндірісін ашу болашағы бар.
        Маңғышлақ түбегі стронцивті минералдандырудың түрлі типтері кең таралған әлемдегі ең негізгі өңірлердің бірі болып табылады. Целистин мен целистин бариттің 20 жуық түрлері анықталды. Ауыртас, Үнқосын, Үш күй кенорындары барынша ірі кенорындар болып табылады. Белгілі болған рудаларда стронцияның болуы 20 пайызды құрайды. Рудаларды алғашқы зертеу тұйықталған әйнектер, жоғары сапалы балқымалар, металлургия өндіріснде, арнаулы техникалар шығаруда композициялық материалдар өндіруде оларды қолданудың жоғары тиімділігін көрсетті.
        Мұнай-газ саласында қоңыр ерітінділерді ауырлатушы ретінде барит қолданылады. Барит-целистин рудасы кенорны өңдеуге ашық қолайлы жағдайларымен сипатталатын Ауыртас стронций кенорны алыбы ретінде белгілі. Барит-целистин руда қоры барий тотығының орташа құрамы 8,4% айтарлықтай көлемін білдіреді. Ауыртас кеноны Шетпе селосының оңтүстік-батысынан 37 км. теміржолдан 15 км, және Ақтау-Бейнеу ЭТЖ 9 км орналасқан.
        Маңғыстаудың таулы бөлігінде фосфориттер мен темір рудаларының көірінісі белгілі.Қаңға баба, Тобажық, Жалбырт, Таушық және Жангелді фосфор кенорындары болжалды түрде барланған.
        Темір рудаларының барынша ірі кенорны – Шығыс Қарату қыратының орталық бөлігінде орналасқан Бескемпір кенорны. Оның қоры орташа темір құрамы 44,73 % болғанда шамамен 500 млн. тоннаны құрайды. Облыс аумағында бір марганец кенорны және бірнеше руда кенорындары бар. Барлау қоры 2,7 млн. құрайды. Марганец орташа құрамдылығы 12 пайыз.
        Шығыс және Батыс Қаратау мен Қаратаушық жоталарындағы біршама бөлігінде бағаланбаған 100 мыс рудалары белгілі.
        Маңғыстаудың жер қойнауы тұз шөгінділеріне де бай. Үш ірі ас тұзы кенорындары бар: Бұлақ 1, Қошқар Ата, Қарақия. Бұлақ1 кенорны Форт-Шевченко қаласы ауданында орналасқан. Ауданы 0,5 шаршы метр экваторияны алып жатыр. Құрамы Nа СІ 95,2%, қоры шамамен 300 мың тонна. Қошқар Ата кенорны Каспий теңізі жағалауына өте жақын орналасқан. 25,17 шаршы метр ауданды алып жатыр. Құрамы Nа СІ 97%, қоры есептелмеген, алайда ол Маңғыстаудағы ең ірі кенорын болып табылады.
        Минералды тұз түрлерінің ішінде мирабилт, тенардит, және де Өліқолтықтың төрттік сортаңды шөгінділеріндегі басқа да түрлері белгілі. Сусыз тұздағы натрий сульфаты 73-97 % құрайды.
        1982-1990 жж. Қоры 630 млн. тонна шикі тұз болатын Үстірт теміржол стансасының батысынан 20 км. орналасқан Жаманайрақты кенорны белгілі болды. Тұз мұнда 17 шаршы метр ауданда орналақан. Қолтық-Қайдақ ойпаты аумағындағы болжалды ресурстар 6,8 млн. тонна шикі тұзды құрайды. Оның ішінде 2,9 млрд. тоннасы натрий сульфаты.
        Маңғыстаудың ұлутас-әктасы ТМД елдерінде ғана емес алыс шетелдерде де әйгілі болды. Маңғыстаудың әктас-ұлутасы жарға және қаптау материалы ретінде қолданылады. Әктас механикалық-физикалық сапасы жағынан бетон плиталары мен шлакты бетон және күйдірілген кірпіш параметрлерінен асып түседі. Әрлеу материалындағы түстер гаммасы әртүрлі: алқызыл, ақсары және ақтүсті. Әктас-ұлутастардың божалды қоры бірнеше милиардтаған текше мтерді құрайды. Баланстық қоры 200 млн м3 30 кенорын барланды.
        Әктас-ұлутастан басқа облыс аумағында басқа да құрылыс материалдары кенорындары бар: щебень мен бут өндірісіне арналған тас, кірпіш шикізаты, құрылыс әктасы, ПГС, құрылыс құмдары және т.б. «Шетпе-1» кенорнынан алынатын 5 тен 40 мм дейінгі фракциялы щебень қолданыстағы барлық норматив талаптарына жауап беретін жоғары сапаға ие. Материал жол құрылысы және басқа да құрылыс жұмыстарында ауыр бетонды толықтырушы ретінде қолданылады. Тау шөгінділері қоры 16 млн. м3 құрайды.
        Облыс аумағында бекітілген жалпы қоры 10 млн. тоннадан астам 7 бор кенорны белгілі. Бор құрылыста, ауыл шаруашылығында жануарлар мен құстарды жемдеу үшін, сырлар , шпатлевкалар, қоңыр қоңыр ерітінділерін дайындау және басқа да мақсаттар үшін қолданылады. Бордың сапасы 95,1 ден 98,7% дейінгі көмір қышқылды кальцидің болуымен сипатталады.
        Қарақия ауданында мұнай мен газды іздестіру жүмыстарын жүргізгенде, Александр Черкасск шығанағының шығыс жағалауында аса үлкен жылу энергиясы потенциалы, тұзы 8,3% сульфат-натрий-хлорид құрамдас жоғары терминалды пласт сулы юра-төменгі бор дәуіріндегі қуатты артезиан бассейні табылды.
        Сулар өздерінің химиялық құрамының, температурасының, жекелеген компоненттерінің және биологиялық белсенді күкіртсутегінің арқасында бальнеологиялық қасиеттерге ие.
        Минералды сулардың басқа кенорны Ақтау қаласында Каспий теңізі жағалауында жоғарғы альба шөгінділерінің су жинағыш кешені көкжиегінде 978 м тереңдікте орналасқан. Судың минералдануы 9,9 л/ж. температурасы 60 градус. Химиялық құрамы бойынша әлсіз шырышты әлсіз сілтілі, құрамындағы бром терапевтіккондицияға дейін көтерілген хлорлы-нетрийлі (19-20 мг/л), кремний қышқылы (40 мг/л) және органикалық заттар (14-18 мг/л). Пайдалану қорлары тәулігіне 0,43 мың текше метр көлемінде немес 5 л. бекітілген.