Сыбайлас жемқорлыққа қарсы-іс қимыл тұжырымдамасы талқыланды

“Каспий” ӘКК” АҚ қызметкерлері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті өкілдерімен жүздесті. Дөңгелек үстелде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Хайруллин Біржан Марданұлы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация ұжымына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тұжырымдамасын түсіндірді. Сондай-ақ Департаменттің Превенция Басқармасының бас маманы Құспанова Ханшайым Оралбайқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызына тоқталып, ұжымда ішкі талдау жүргізудің өзектілігі туралы тарқатып айтты.

Наурыз 31, 2023