Тұрақтандыру қорынан 70 кәсіпкер қант алды

«Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тұрақтандыру қорынан өткен маусым айында 70 кәсіпкер қант алды. 132 тонна қант өңірдегі шағын кәсіпкерлерден бөлек, «Дина», «Анвар», «Идеал Маркет» секілді ірі сауда желілеріне сатылды. «Каспий» ӘКК-нің тұрақтандыру қорына тәтті түйіршіктер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ҰК" АҚ-дан тасымалданып келді. Енді әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация қантты Жамбыл облысынан да жеткізе бастады. Қазір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорында 195 тонна шекер бар.

 

«Біз осыған дейін қантты Астраханьнан тасымалдайтын кәсіпкерден сатып алып отырдық. Соңғы шектеулерге байланысты олар жұмысын тоқтатты. Қазір «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қолжетімді бағада ала бастадық. Осы қоймадан қант алуға үшінші рет келіп тұрмын. Қазір 2 тонна қант алып бара жатырмын. Бұл бізге 1 айға жетеді деп жобалап отырмыз», - деді кәсіпкер Мейірбек Мекеев.

 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің тұрақтандыру қорында қант мөлшері жеткілікті. Қордағы қант қала мен аудандардағы кәсіпкерлік бөлімінің  сұраныс хатына сай жеке кәсіпкерлерге сатылады.

«Каспий» ӘКК баспасөз қызметі

Қыр. 15, 2022