ПОЛИМЕРЛІ ҚАПТАМА ӨНДІРІСІ

Жоба «Достық Полимер Пласт» ЖШС бірлесіп жүзеге асырылуда. Жобаны бірлесе жүргізуге «Каспий» ӘКК» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен келісім алған.

Жобаны  2021-2024 жылдар аралығында жүзеге асыру жоспарланған. 2021 жылдың желтоқсанында зауыттың құрылысы аяқталды. 2021 жылдың желтоқсаны мен 2022 жылдың ақпан айларында монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстары жүрді. Жоба аясында 10 жаңа жұмыс орны құрылды.

Жоба құны 368,4 млн теңгені құрайды. Оның ішінде «Каспий» ӘКК» АҚ-ның үлесі 65,4 млн теңге.

Сәуір 15, 2021